«АрселорМиттал Теміртау» әкімшілігі еңбекақыны индекстеуге қатысты кәсіподақ талаптарына келісті
14:14, 18 Тамыз 2010
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы мен кәсіподақ арасында еңбекақыны индекстеуге қатысты келісім жасалды.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне көмір өндірушілердің «Қорғау» кәсіподағының төрағасы Марат Мирғаязов мәлім етті.
Оның айтуынша, қыркүйектің 1-нен бастап компания қызметкерлерінің тарифтік ақысы мен жалақысы 2009 жылғы Қазақстандағы инфляцияның ресми деңгейіне сәйкес 6,2 пайызға артатын болады.