«Дүйсенбі, 9 сәуір күні МНЛЗ-2 конвертерлік цехындай оқыс оқиға орын алды. Соның салдарынан 1973 жылғы компания қызметкері қаза тапты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Кәсіпорын ұжымы қаза тапқан азаматтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деді «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының ресми өкілі Алексей Агуреев.
Қаза тапқан жұмысшының әріптестерінің сөзіне қарағанда, автокран ауыр жабдықты жоғары көтерген. Алайда, арқан үзіліп кетіп, жерге құлаған жабдық жұмысшыны жарақаттаған.