«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы «Золотой Гефест» ұлттық сыйлығының номинанты болды

None
ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы «Кәсіпорын - жыл мерейгері» номинациясы бойынша «Золотой Гефест» ұлттық сыйлығының номинанты болды,

деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Премия Астана қаласында минералды ресурстар мен металлургия бойынша бірінші Қазақстандық халықаралық конференцияда табыс етілді. Бұл жерде «Жыл тұлғасы» бас номинациясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген еді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Елдің таукен саласы жаһандық экономикалық дағдарыстың соққысына ҚР Президентінің білікті шешімдері мен мемлекеттік қолдаудың арқасында төтеп бере алды, деп нақтыланған компанияның баспасөз баянатында.