«31 наурыз күні кешкілік ауа райының күрт өзгеруінен және мұз қатуы салдарынан жоғары қысымды құбыр желісінде қысым көтеріліп, құбыр желісінің жарылуына соқтырған. Сондай-ақ бұл құбыр қасындағы ауа тығыздалған құбыр желісіне тиіп кеткен»,- деп жазды А.Агуреев Facebook-те.
Ол құбыр желісі жарыған аумақтың қауіпсіз екендігін және экологияға зиян келтірілмегенін атап өтті.
Қазіргі уақытта кейбір цехтардағы жұмыс қарқыны төмендеген. Мұнда қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ директорының міндетін атқарушы Вадим Басиннің басшылығында оқыс оқиғаның себеп-салдарын тексеретін комиссия құрылды.