«2012 жылдың 19 маусымында «Қорғау» кәсіподақ ұйымымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің жұмыскерлеріне жалақыны 10 пайызға көтеру келісіміне қол қойылды», - делінеді компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Шахметрлер мен металлургтерге жалақыны көтеру туралы келіссіөздер 2011 жылдың қарашасынан жалғасып келеді, деп еске салады компания. «Кәсіподақ ұйымдары жалақыны жыл сайынғы индексация үстінен инфляцияның 30 пайызына арттыруды талап етті. Келіссіөздер екіжақты форматта да, жергілікті органдардың көмегімен әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қарым-қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты комиссия аясында да өткен. 2012 жылдың 19 мамырында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмыскерлерінің жалақыны көтеру туралы талаптарды қолдау митингі өтті», - деп атап өтіледі хабарламада.
Барлық көкейкесті мәселелерді келіссөздер жолымен шешу керек, деп атап өтеді компанияда.
«Келіссөздер жүргізілген үстел басында бітімге келуді іздеу тарифтік мөлшерлемелер мен жалақыны жыл басынан 10 пайызға (инфляция бойынша индексацияның 7,4 пайызға есептей отырып) көтеру шешімімен аяқталды. Шахтерлерге жалақыны одан әрі көтеру туралы келіссөздерді қазан айында сату нарығындағы жағдайдың тұрақтануы кезінде жалғастыру шешілді», - деп атап өтіледі баспасөз хабарламасында.
«Қорғау» көміршілердің кәсіподақ ұймының төрағасы Марат Мірғаязовтың мәлімдеуінше, «шахтерлер металлургиядағы әлемдік дағдарыстан болған күрделі экономикалық жағдайды түсінуде». «Ереуілдің компанияның шиеленіскен жағдайын ушықтыра алатынын түсінеді, ал бұл оның жұмыскерлеріне де зиян келтіреді. Сондықтан біз басшылықтың жалақыны 10 пайызға арттыру шешімін қабылдадық, бірақ келіссөздерді жағдай тұрақтанған соң жалғастырмақшымыз», - деп атап өтті ол.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қызметкерлер бойынша директоры Дмитрий Павловтың айтуынша, әкімшілік металлургтердің «Жақтау» кәсіподақ қорымен келіссөздерді жалғастыруда. «Біз жұмыскерлер мен кәсіподақ белсенділерінің арасында ереуілге шығу туралы бірде-бір пікірдің жоқтығын көріп отырмыз. Көптеген жұмыскерлер ереуілдердің қазір пайдадан гөрі көп проблема туындататынын, компанияның болсын, жұмыскерлердің өздерінің болсын мүдделеріне нұқсан келтіреді. Өндірістік немесе дайын өнімдерді тиеу процестерін бұзу тек жалақының көтерілуіне ғана емес, жұмыспен қамтудың және жалақылардың ағымдағы жағдайының сақталуына қауіп төндіре алады», - деп түсіндірді ол.
Осы екі арада, металлургтердің «Жақтау» кәсіподақ ұйымынан хабарлағандай, металлургиялық комбинат бөлімшелеріндегі ескерту жасайтын 2 сағаттық ереуіл 29 маусымға белгіленген. Қазіргі уақытта 15 адамнан тұратын ереуіл комитеті құрылды. Ол талаптар пакетін дайындайды. Қазақстандық заңнамаға сәйкес, жұмыс берушіге талаптар 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі керек.
Компанияның мәліметтерінше, 2011 жылы «АрселорМиттал Теміртауда» орташа жалақы болат департаменті бойынша 114 345 теңгені (2010 жылға +12,6 пайыз), ал көмір департаменті бойынша - 134 610 теңгені (2010 жылға +12,3% пайыз) құрады.