Жанна Тұрабаева өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жұмыс процесінде бетпе-бет келіп жатқан қиындықтарды тізіп жазған. Оның мәліметіне сай, Жанна Тұрабаева іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушімен ынтымақтастық орнатудан бас тартқан. Артынша оған басшылық тарапынан қысым көресітілген.
«Басшылық менің бөлімімнің қаржылық аудитіне тексеру жүргізу бастамасын көтерді. Жақсы, бірақ менің мынадай ұсынысым бар – тексеру жүргізілетін болса, онда ол бас PR бөлімге де жүргізілсін. Атап айтқанда, Теміртаудағы қысқы фестивальді 3 есе арзан өткізуге болады. Осы қызметті көрсетуші кім дейсіз бе? Сондай-ақ, Теміртаудағы комбинат ғимаратының маңына орнатылған шырша бар. Оның құны да нарықтық бағадан 3 есе жоғары. Жария етпеу және коммерциялық құпия туралы келісімшартқа сәйкес, соманы айта алмаймын. Маған сенсеңіз, қазір ақысыз демалысқа жіберілген көптеген қарапайым еңбек адамдары қанша қаражаттың босқа жұмсалғанын білсе, ренжуі мүмкін», - деп жазды Жанна Тұрабаева.
Ол ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап бере отырып, бүгінде еңбек инспекциясы мен Қарағанды облыстық прокуратурасына арыз жазғанын айтты. Қазір тексеріс жүріп жатыр.
ҚазАқпарат редакциясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на ресми сауал жолдады.