«АрселорМиттал Теміртаудың» металлургия комбинатында құбыр құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Құрыш департаментінде сығындалған ауа құбыр желісінің жартылай қирауы орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«АрселорМиттал Теміртаудың» баспасөз қызметінен мәлім еткендей, төтенше жағдай бүгін таңертең болды.

«Оның жартылай қирауы қоршаған ортаға да, адамдарға да қауіп тудырмайды. Болған оқиға өндіріске әсер еткен жоқ», - деп атап өтті баспасөз қызметінен. Зардап шеккендер жоқ. Комиссия себеп-салдарды анықтауда.