16 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты «Қазақстан» шахтасының қазандығына қызмет көрсететін шебердің өлі денесі табылды. Айта кету керек, аталмыш қазандық жер бетінде орналасқан.
Компанияның баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растады. Қайғылы жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 8 қарашада атплмыш компанияның қарамағындағы «Саран» шахтасында тағы бір кенші қаза болған.