АрселорМитталды қайта жаңғыртуға бюджеттен қаржы бөлінбейді – Үкімет басшысы

АрселорМиттал компаниясымен келісім үзілгеннен кейін компания қызметін модерзациялау жұмысына бюджеттен қаржы бөлу жоспарда жоқ. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: shutterstock.com.

«АрселорМиттал компаниясын Қазақстан Республикасына беру шарты туралы егжей-тегжейлі жария ете алмаймыз. Алдын ала келісімге сәйкес біз қазір олай істей алмаймыз. Біз мәмілені аяқтағаннан кейін ресми түрде жарияланады. Бұл бір айдың ішінде болады. Алдын ала келісім бойынша біз барлық заңдастыру процедурасын 30 қарашаға дейін аяқтауымыз керек. Содан кейін барлық ақпарат қолжетімді болады», - деді Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Әлихан Смайылов жеке инвесторды тарту керектігін айтты. Бұған дейін Үкімет басшысы Костенко шахтасындағы апатқа кінәлілердің жауапқа тартылатыны туралы айтқан еді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.