Арсен Тезекбаев Қарағанды облысы Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды
Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова Қарағанды облысы Әділет департаментінің ұжымына жаңа басшысы Арсен Тезекбаевты таныстырды, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Арсен Боранбайұлы Тезекбаев 2009-2023 жылдар аралығында прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2023 жылы – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері және осы жылдың тамыз айынан бастап «Фридом Телеком» ЖШС корпоративтік қауіпсіздік қызметінің басшысы болған.
Вице-министр Мемлекет басшысының министрлік алдына қойған міндеттеріне тоқталып, жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі. Алдағы уақытта Арсен Тезекбаевтың басшылығымен Қарағанды облысының әділет департаменті азаматтардың құқықтарын қорғауда және құқықтық жүйені қамтамасыз етуде табысты жұмысын жалғастыратынына сенім білдірді.