АСТАНА. ҚазАқпарат - «Арсенал» Англия кубогының финалдық матчында «Челсиді» жеңіп, 13-ші рет ел чемпионы атанды, деп жазады «Коммерсант».
Дәстүрлі түрде «Уэмбли» стадионында өтетін ақтық кездесу 2:1 есебімен аяқталды.
«Арсенал» ойыншысы Алексис Санчес кездесу бастала салысымен (4-минутта) есеп ашты. Челси тек екінші таймның 77 минутында ғана есепті теңестіре алды. Алайда Арон Рэмзи араға екі минут салып есепті 2:1-ге жеткізді.
Айта кетейік, 68 минутта «Челси» сапынан Виктор Мозес алаңнан қуылып, 10 ойыншымен ғана қалды.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.