Аршалы ауданында əлеуметтік-спорттық нысандар пайдалануға берілді
№1 Аршалы орта мектебінің спорт залы жəне жастар паркі ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде аудан əкімдігінің бастамасымен және "Самұрық-Қазына" АҚ-ның демеушілік қолдауымен қалпына келтіріліп, жабдықталып отыр.
Шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов пен Бейбіт Мамыраев жəне басқа да ресми тұлғалар қатысты.
Аталған əлеуметтік-спорттық алаң заман талабына сай өзгертілген. Жастардың спортпен шұғылданып, серуендеуіне барлық жағдай жасалған.
Қонақтарға тарту ретінде street workout бойынша əлем чемпионы Дияс Биджиев бастаған Bar Bars командасының мүшелері өнерлерін ортаға салса, "Астана" президенттік спорт клубының менеджері, еркін күрестен олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы Юрий Мельниченко балаларға алғашқы жаттығуын өткізді.