деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жайсыз оқиға өткен түнде 22 сағат 53 минутта тіркелген. Өрт 1945 жылғы Ш. есімді зейнеткердің жатаған үйінде болды. Көршілердің ұйымшылдығы баспананың аман қалуына себеп болған. Барлығы жабыла жүріп өрттің алдын алған. Бір өкініштісі, тілсіз жау 1971 жылғы жұмыссыз азаматтың өмірін қиып кетті. Қазіргі кезде құзырлы орган өкілдері келеңсіз оқиғаның себеп-салдарын, келтірілген зиян мөлшерін анықтауда.