жеткіншек ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскери бөлімде келісімшарт бойынша азаматтық борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер «Ауди-100» жеңіл көлігімен тар көшеде «Днепр» мотоциклін басып озуға әрекеттенген. Көлік руліне ие бола алмау салдарынан ұраға түсіп кеткен. Апатты жағдай кезінде 1992 жылғы азаматшаны қағып өтеді. Алдын ала жүргізілген тексеруде анықталғандай, ол бұған дейін екі жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылған көрінеді. Тергеу амалдары жалғастырылуда.