Аршавин «Қайрат» құрамындағы алғашқы жаттығуын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік жартылай қорғаушы Андрей Аршавин бүгін «Қайрат» құрамындағы алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлады kazfootball.kz.

Атап өту керек, бүгінде «Қайраттың» негізгі құрамының жартысы медициналық тексерістен өтті. Екінші жартысы жаттықты.

Андрей Аршавин «Қайратпен» келісімшартқа қол қою үшін бүгін таңертең Алматыға ұшып келді. Осыған дейін БАҚ келісім мерзімі 1 жылға жасалатындығын хабарлаған. Еске сала кетейік, 34 жастағы ойыншы өзара келісім арқылы «Кубаньмен» келісімшартын бұзған.