«Шаштараз жаман мамандық емес. Сен бір нәрсені алғаш жасап жатқаныңда, ол саған қызық көрінетіні анық қой, сондықтан менің бүгінгі көңіл-күйім керемет», - деді Андрей Аршавин.
Футболшының айтуынша, шаш қырқатын құралды ол алғаш рет қолдануда. Алда-жалда бәс тігіп қалатын болса, шашсыз қалудан қорықпайтынын да жасырмады.
«Меніңше, мен қандай бәс үшін өзімнің шашымды қырқуға дайын екенімді ойлану керек, сондықтан мен одан қорықпаймын», - деп жауап қатты А.Аршавин тілшілердің қойған сауалына.
Ал Аршавиннен ұтылып қалған журналист енді айнаға қараудан қорқатынын айтты.
Шаш қырқу процесін тамашалауға «Қайрат» футбол клубының ойыншылары мен жанкүйерлер көп жиналды.
Еске сала кетсек, Андрей Аршавин «Қайрат» клубына ауысқанда Петр Воликов ресейлік спортшы еліміздің премьер-лигасында қандай да бір нәтиже көрсете алатына сенімсіздік танытқан. Журналист егер Аршавин «Қайрат» сапында 8 гол салса, онда шашын тақырлап алдыртып тастайтынын айтып, бәстескен болатын.
«Ақтөбемен» матч кезінде Андрей Аршавин біріншіліктегі 8-ші голын салды, бұдан кейін футболшы журналистке қарата видеосәлем жолдады. Онда спортшы бәстен ұтылған журналистке өзінің шаш алу қызметін ұсынды.
Аршавиннің мәлімдемесіне орай, блогер шаш қиятын құралдарын қолына алып тұрып, Алматыда кездесетін орынды белгіледі. «Мен өз сөзіме жауап беремін, әрі басымды (шашымды) да саған сеніп тапсырамын. Кездесуді 6 қазан, бейсенбі күні Астана алаңында, Әлия мен Мәншүк ескерткіштері алдында, сағат 14:00-ге белгілеймін. Асыға күтемін», - деді Воликов.