Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Панфилов көшесіне орнатылған «Рождение Седла» арт-нысанындағы қоладан құйылған құйрық ізі "жоғалып" кеткенін хабарлаған болатын.
«FUNK креативті агенттігі» басшысы Майра Измайлова аталған оқиғаға байланысты түсініктеме берді.
«Рождение Седла» мүсініне вандалдар шабуыл жасаған жоқ. Суретші бүгін оны бекіту үшін шешіп алды. Жақын арада «құйрық ізі» орнына қайта орнатылатын болады», - деді Майра Измайлова.
Айта кету керек, бұл нысан «Алматы - теплый город» жобасының аясында орнатылған екінші нысан болатын. Бірінші арт-нысан алып тиін қазақстандықтар арасында қызу пікірталас туғызды. Шөптен жасалған 12 метрлік алып тиінді тұрғызуға әкімдік қоржынынан 15 млн теңге жұмсалған.
Әкімдік аталған жоба аясында тағы 14 нысан орнататын болады. Бұл бағытта қалалық бюджеттен 78 млн теңге жұмсалмақ.
Фото: Art Energy Almaty / Facebook