«Зардап шеккен адам теміржол ауруханасына жеткізілді. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген аталған басқарма баспасөз қызметінің мәліметінде.
Естеріңізге сала кетейік, зардап шегуші мен еденге жайылған қан түсірілген видео мессенджерлерде тарады. Видеоның жазбасына сәйкес, төбелес ұялы телефон сатушысы мен тауардың сапасына наразы болған сатып алушы арасында болған. Оқиғаның салдарынан 1991 жылғы сатып алушы шыны витринаға құлап, жарақат алған.