NASA астронавтары Рид Уайсмен, Виктор Гловер және Кристина Кук, сондай-ақ Канада ғарыш агенттігінің астронавты Джереми Хансен Жерден 407 000 шақырым қашықтыққа дейін алыстады. Адамзат тарихында бұған дейін ешбір адам планетадан мұндай қашықтықта болған емес.
1 сәуірде басталған миссия барысында оның қатысушылары, соның ішінде, автономды режимде алты күнге дейін тыныс алуды қамтамасыз ете алатын жаңа скафандрларды сынақтан өткізді.
Басқару орталығында ұшу үдерісі кернеу шегіне жеткені білінді. Өйткені аппарат атмосфераның тығыз қабаттарына енген сәтте ең жоғары қызу кезеңінде лапылдаған плазмаға оранып, соның салдарынан байланыс уақытша үзіліп қалды.
Ерекше назар экстремалды жоғары температураға төтеп беруі тиіс жылу қорғаныс қалқанына аударылды. 2022 жылы экипажсыз өткен алдыңғы сынақ ұшуы кезінде оның бетінде Айдың бедерін еске түсіретін елеулі зақымдар тіркелген болатын.
Су бетіне қону жоспарға сай сәтті өтті. АҚШ-тың батыс жағалауының жергілікті уақыты бойынша шамамен 17:08-де.
Бұған дейін «Артемида-2» миссиясының астронавтары Жерден ең алысқа ұзау рекордын орнатқаны хабарланған.