Артиллерияшылар нысана көздеп жаттықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштерінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Аягөз гарнизонына қарасты 10181 әскери бөлімінде «Майлин» оқу-жаттығу полигонында нысана көздеуден оқу жаттығу өткізілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери қызметшілер АК-74-тен оқ атып, Макаров тапаншасымен нысана көздеп жаттықты. Әскери қызметшілер АК-74-тен оқ ату кезінде «Жаяу әскердің шабуылдаушы (шегінуші) тобы» межесі бойынша нысана көздеді. 2 адам бойындай пішінді алыс қашықтықта - 300-250 м, жақын қашықтықта - 200-150 м және оқшашармен - 250-200 метрден атты. Тапаншадан оқ ату кезінде әскерилер 25 метр қашықтықтан «Кеудесінде шеңбер бейнеленген адам пішінін» көздеді.

Бөлімнің жеке құрамы нысана көздеуден жоғары нәтиже көрсетті. Нәтижесінде баға көрсеткіштері қойыла отырып, әрбір әскери бағаланды. Ең жоғары нәтиже көрсеткен майор М.Өркенов, аға сержант А,Әнуарбеков, сержант Н.Сағындықов, сержант Н.Шәріпов болды. Оқу атыстарының өткізілуі әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығындағы маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жерде атыс қаруынан ұрысты жүргізу шеберлігі мен дәлдігі ұшталады.