Әртістік жүзуден ӘЧ: Қазақстандық қола жүлдеге ие болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канаданың Квебек қаласында әртістік жүзуден жастар арасында XVII әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпида комитетіне сілтеме жасап.

Бүгін жекелей сында өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Эдуард Ким еркін бағдарламада қола жүлдегер атанды.

Бұл қазақстандықтың әлем чемпионатындағы екінші медалі. Эдуард екі күн бұрын техникалық сында испан және жапон атлетіне есе жіберіп, үздік үштікті түйіндеді.