Артспорт қауымдастығы үйірмелерді жекелей тексеруге дайын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Артспорт қызметін ұсынушылар қауымдастығы қызметін сапасын көрсететін үйірмелерді жекелей тексеруге дайын. Бұл туралы «Артспорт» жобасына қатысты қоғамдық тыңдау барысында аталған қауымдастықтың төрағасы Лана Болат айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, іс-шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырысты орындауға қатысатын жеке кәсіпкерлік субъектілері заң бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу ұсынылып отырғанын айтқан еді.

Алайда Жеткізушілер қауымдастығы министрлік ұсынып отырған бұл нормаға наразылығын білдірді.

«Құжатта мемлекет тарапынан бақылау тетігі мүлдем болмайтындығы айтылған. Түптеп келгенде ҚР Әкімшілік кодексінде білім беру, дене тәрбиесі және спорт саласындағы ел заңнамасын бұзуға қатысты бап бар. Орын алуы мүмін заң бұзушылықтардың бәрі заңнамада қарастырылған. Біз мемлекеттік органдармен бірге өзін-өзі реттейтін ұйымға көшу жұмыстарын бастауды ұсынамыз. Жеткізушілердің өзін-өзі реттейтін ұйымдары жосықсыз жеткізушілері қадағалап. Ол туралы әкімдікке немесе министрлікке ақпарат беріп отырады. Осылайша, біз жауапкершілікті мойнымызға алуға дайынбыз», - деді Лама Болат.

Сонымен қатар ол Мәдениет министрлігі ұсынған сараптамалық деректер шынайы сандармен сәйкеспейтіндігін айтады.

«Құжатта 3 621 жеткізуші жайында сөз қозғалады. Іс жүзінде платформа сараптамасына сәйкес олардың саны – 9 057. 2021 жылы спорттық тапсырысқа 6 млрд 367 млн, 2022 жылы 16 млрд 354 млн, 2021 жылы шығармашылық тапсырысқа 4 млрд 898 млн, 2022 жылы 14 млрд 487 млн теңге бөлінді. Қауымдастық платформаны әзірлеушілермен жасалған меморандум аясында статистикалық деректерді үнемі қадағалап отырады. Өйткені, нақты мәліметтер ғана сараптамалық жұмыстарды дұрыс жүргізуге және қажетті бюджетті бекітуге мүмкіндік береді. Құжатта жеткізушілер тарапынан заңнаманың өрескел бұзылғандығына қатысты көптеген деректің бар екені айтылады. Біз тексеруді кім және қашан жүргізгендігіне қатысты нақты мәліметтер алып, Бас прокуратураның, ішкі істер органдарының шығын сомасына, бұзушылыққа жол бергендердің аты-жөніне қатысты қорытындымен танысқымыз келеді. Қызметтердің сапалы көрсетілгеніне мүдделіміз. Бірақ, қоғамдық мониторинг бұзушылықтардың анықталмағанын көрсетіп отыр», - деді ол.