Әртістік жүзу: қазақстандықтар әлем чемпионатының финалына бір қадам жетпей қалды
13:29, 23 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. 21 шілдеде әртістік жүзуден жұптық сайыстар өтті.
ҚР ҰОК мәліметінше, еркін жаттығу бағдарламасында ел намысын Даяна Джаманчалова мен Ясмин Тұяқова қорғады.
Отандастарымыз іріктеу сайысында 228.2541 ұпай жинады. Нәтижесінде 13-орынды иеленіп, финалдық кезеңге бір қадам жетпей қалды.
Ақтық сынға үздік шыққан 12 жұп өтті.
Қазақстан құрамасы Сингапурдегі су спорты түрлерінен әлем чемпионатында әртістік жүзуден командалық сайыстың финалында өнер көрсеткен еді.