Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына өтті
12:36, 19 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық сайыста әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
19 шілдеде әртістік жүзуден командалық сайыс өтті. Отандастарымыз командалық еркін жаттығуда 261.9755 ұпай жинап, 8-орынға тұрақтады.
Құрама сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова өнер көрсетті.
Командалық сайыстың финалдық кезеңі 20 шілдеде өтеді.
Бұған дейін қазақстандық жұп әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалынан тыс қалғанын жазған едік.