Артур Таймазов екінші Олимпиада алтынынан айырылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осетиялық балуан Артур Таймазов 2012 жылғы Олимпиада ойындарындағы алтын медалінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол спорттық мансабында Өзбекстан құрамасында өнеркөрсеткен болатын.

Спортшы допингке қарсы ережелерді бұзды деп айыпталуда.Оның қанынан туринабол табылды. Бұл оның сынамасына қайта тексеріс жүргізгенненкейін анықталған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Артур Таймазов РесейМемлекеттік Думасының депутаты.

Бұдан бұрын Таймазовтан тыйым салынған дәрі-дәрмектердіқолданғаны үшін 2008-Олимпиада ойындарындағы алтын медалін алып қойған болатын.

Осылайша, Лондондағы Олимпиада ойындарының алтын жүлдесіекінші орын алған грузин Давит Модзманашвилиге бұйырмақ.

Соңғы жаңалықтар