Конкурсқа ұлтына, нәсіліне қарамастан кез келген ересек адам мен бала қатыса алады. Оның шарты бойынша екі ай ішінде кем дегенде екі килограмм салмақ жоғалтқандарға сыйлыққа алтын беріледі. Яғни, әрбір арылған артық салмақ үшін бір грамм алтын берілмек. Егер қатысушының баласы да осы нәтижеге қол жеткізсе, сыйлық мөлшері екі еселене түспек. Ерекше байқауға қатысуға тілек білдіргендер ғаламтор арқылы немесе Дубайдағы бірнеше қоғамдық саябақтарда тіркеле алады.
22:07, 12 Шілде 2014
Артық салмақтан арылғандарға алтын сыйланады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайда 15 шілде мен 15 қыркүйек аралығында ерекше конкурс ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.