«Біз ғимараттардың жылы болуы адамның денсаулығына оң әсерін тигізеді, ал аз ғана суықтың әсерінен адам ағзасы біраз күш-қуатын жұмсайды деген ұйғарым жасадық», - дейді Маастрихт университеті жанындағы Медициналық орталықтың қызметкері доктор Ваутер ван Маркен Лихтенбелт.
Сәл бұрын жапондық ғалымдар Цельсий бойынша 17 градус температурада 6 апта бойы күніне екі сағат уақыт суыққа шыдаған адамдардың май қабатының азайғанын анықтаған.
Лихтенбелт бастаған зерттеушілер тобы өз кезегінде адам ағзасының суыққа ұзақ уақыт бойы бейімделетінін айқындады. Зерттеуге ерікті түрде қатысып, күніне алты сағат бойы 15 градус суықта болған жандарда қолайсыз жағдайларда адамның өмірлік әрекетін қолдауға арналған, «қоңыр майлар» деген атауға ие майлы ұлпалар пайда болған. Суық ауа райында осы жылу алмастырғыш жасушылар «ақ» майларды - «зиянды» майларды жояды, сол себепті адам қатты тоңбайды, әрі арықтайды.
Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, жылудың ағзасынан бөлінуіне адам жалпы энергиясының үштен бір бөлігіне дейін жұмсауы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, адам азғасы үшін физикалық күш-қуатын жұмсаумен қатар, суықта көбірек жүру аса пайдалы.
«Қыс мезгілінде адамның ішкі температурасы суық ауа райына бейімделіп, жоғарылайды. Алайда, түрлі температуралардың әсерінің аз болуынан адамдар май басу тәрізді ауруларға душар болуы мүмкін. Оның үстіне, денесін үнемі жылы ортада ұстаған адамның температуралық өзгерістерге төзімділігі төмен болады», - дейді ғалымдар.