Артём Антропов - ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Фото: Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық Артём Антропов (102 келі) күміс медальді жеңіп алды.

Осы салмақтағы әлем чемпионы (102 кг дейінгі) бұл сында тек Париж Олимпиадасының жеңімпазы Лю Хуаньхуаға (Қытай) ғана есе жіберді. Сондай-ақ Антропов жұлқа көтеруде күміс, серпе көтеруде қола жүлде жеңіп алды.

1. Лю Хуаньхуа (Қытай) - 410 келі (180+230)

2. Артём Антропов (Қазақстан) - 386 келі ( 165+221)

3. Давранбек Хасанбаев (Түркіменстан) - 377 келі (182+195).

Сондай-ақ бүгін, 14 мамырда ел құрамасынан Ақерке Байманап (87 келі), 15 мамырда Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары) сайысқа түседі.

Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық Пётр Хребтов (73 келі) қола медаль алды.

Он күнге созылатын құрлықтық додада 200-ден астам спортшы жарыс жолына шығады. Оның ішінде 112-і ерлер, 89-ы әйелдер арасында сынға түсіп жатыр.

Құрлықтық дода ерлер арасында 1971 жылдан басталса, 1988 жылдан бері құрлықтық додада әйелдер сайысқа түседі.

1998-2024 жылдар аралығында қазақстандық ауыр атлеттер барлығы 25 медаль алды. Оның ішінде 29-ы алтын, 47-і күміс, 101-і қола медаль.