Осы салмақтағы әлем чемпионы (102 кг дейінгі) бұл сында тек Париж Олимпиадасының жеңімпазы Лю Хуаньхуаға (Қытай) ғана есе жіберді. Сондай-ақ Антропов жұлқа көтеруде күміс, серпе көтеруде қола жүлде жеңіп алды.
1. Лю Хуаньхуа (Қытай) - 410 келі (180 230)
2. Артём Антропов (Қазақстан) - 386 келі ( 165 221)
3. Давранбек Хасанбаев (Түркіменстан) - 377 келі (182 195).
Сондай-ақ бүгін, 14 мамырда ел құрамасынан Ақерке Байманап (87 келі), 15 мамырда Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары) сайысқа түседі.
Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық Пётр Хребтов (73 келі) қола медаль алды.
Он күнге созылатын құрлықтық додада 200-ден астам спортшы жарыс жолына шығады. Оның ішінде 112-і ерлер, 89-ы әйелдер арасында сынға түсіп жатыр.
Құрлықтық дода ерлер арасында 1971 жылдан басталса, 1988 жылдан бері құрлықтық додада әйелдер сайысқа түседі.
1998-2024 жылдар аралығында қазақстандық ауыр атлеттер барлығы 25 медаль алды. Оның ішінде 29-ы алтын, 47-і күміс, 101-і қола медаль.