Әйелдер арасында Қазақстан құрамасының күн сайын қарсыластарының деңгейі өсіп келеді. Бүгін олар бастапқы рейтингіде 16-орында тұрған Армениямен күш сынасты.
Бұл ойында Бибісара Асаубаеваның бірінші жеңісін ерекше атап өтуге болады. Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, 16 жастағы Елназ Қалиахмет жеңіс сериясын төртке дейін арттырса, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрман өз ойындарын тең есеппен аяқтады.
Әйелдер. 189 команда
Қазақстан-Армения - 3:1
Бибісара Асаубаева - Лилит Мкртчян
Алуа Нұрман - Мариам Мкртчян
Меруерт Камалиденова - Элина Даниелян
Елназ Қалиахмет - Сусанна Габоян
Ерлер арасында Қазақстан құрамасы бастапқы рейтингте 76-орындағы Жапониямен шаршы тақтада жолықты.
Ерлер. 205 команда
Қазақстан-Жапония - 3,5:0,5
Денис Махнёв - Чан Тхань Ту
Сауат Нұрғалиев - Шоу Отсука
Даниал Сапенов - Рёске Нандзё
Жандос Ағманов - Синъя Кодзима
Ертең 5-тур ойындары жалғасады.
Жапонияның Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатқанын жазған едік.