Арум тек болашақ чемпиондармен келісімшартқа отырады - Марат Мәзімбаев
«Бауырымды шынайы құттықтаймын. Боб Арум - әлемдегі промоутерлердің серкесі. Ол тек болашақ чемпиондармен келісімшартқа отырады. Арум өзінің жұмысына өте жауапты қарайды, оның боксшылары үлкен жетістіктерге жетеді. Жәнібек Top Rank компаниясында өзін жақсы қырынан көрсетіп, мықты кәсіпқой бокшы болады. Жәнібектің келісімшарты туралы егжей-тегжейлі білмеймін, бірақ, менің түсінгенімше, ол келер жылдың жазына дейін 5-6 жекпе-жек өткізуі тиіс. Әлімханұлына спаррингке жақсы серіктер таңдау қажет. Осыған көп нәрсе байланысты. Жәнібектің менеджері де жақсы, Эгис Климас дұрыс жұмыс істейді деп сенемін», - деді Марат Мәзімбаев.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы үстіміздегі жылдың қаңтар айында ҚР ұлттық құрамасындағы мансабының аяқталғанын жариялаған болатын. Кейіннен кәсіпқой боксқа біржола бет бұрғаны белгілі болды.
Жуырда оның белгілі промоутер Боб Арумның Top Rank компаниясымен келісімшарт жасасқаны туралы хабар тарады.