Аружан Сағындықова Тунистегі турнирдің екінші айналымына өтті

Фото: Фото: sports.kz

Қазақстандық Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Kazinform. 

Әлемнің 792-ракеткасы А.Сағындықова алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 929-орында тұрған италиялық Камилла Санолинимен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен сүріндірді.

Аружан Сағындықова ширек финалға шығу үшін әлемнің 347-інші, жарыстың 1-ракеткасы, румыниялық Андреа Присакариумен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жаңа маусымды қай жарыстан бастайтыны белгілі болғанын жазған едік.

Сондай-ақ Денис Евсеев Португалиядағы турнирді жеңіспен бастады.