Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетініңгеография факультетін бітірген.

Еңбек жолы: Хабар телеарнасындағы күнделікті «Разминка» бағдарламасының тележүргізүшісі (1993жылдан бастап); «Дәмдіжәне тез»,ары қарай «Жұлдыздыменю» кулинарлықбағдарламаларының тележүргізушісі (1994-1999); «Еркемай» бүлдіршін ойын бағдарламасыныңтележүргізушісі (1994-2000); «ЕлАрна» телеарнасындағы«Ана мектебі» танымдық бағдарламасыныңтележүргізушісі (2006 жылдан бастап); «Сабырлық,тек сабырлық»ток-шоуының тележүргізушісі (2010 жылдан бастап); «Бүлдіршіндерге Өмір сыйла» бағдарламасының жүргізушісі (2011жылдан бастап).

2009 жылы «Мүгедектерге қамқорлық жасағаны үшін»аталымы бойынша «Алтын жүрек» («Золотое сердце») сыйлығына ұсынылған. «Халықсүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты.