Аружан Саин: Балаларға зомбылық жасалса, тараптарға татуласу мүмкіндігін бермеу керек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне жақында ғана тағайындалған Аружан Саин елімізде балаларға жасалған зорлық-зомбылық жағдайын болдырмау жолында біршама ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларғажасалған зорлық-зомбылық және балалардың бір-біріне зорлық-зомбылық көрсетуіжайлы айта кетейін. Сіздің жақында жариялайтын Жолдауыңызда (Президенткеқарата) біз осыған дейін жолдаған өтініштеріміз ескерілер деген үміттеміз. Атапайтқанда, облыстық деңгейден төменгі ауқымдағы өңірлерде біз балаларға жасалғанзорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық істерді қазбалау қажет деген ойдамыз. Ондайістердің құжаттамалары, процедуралары мен ол істердің жабылуын облыстықПрокуратура мен ІІД басшыларының санкциялары арқылы жүргізіліп отырған. Себебі,әсіресе «ішкі байланыс» күшейіп кеткен ауылдар мен аудандарда ондай істердіңбұрын жабылып қалып отырғанын біліп отырмыз», - деді Аружан Саин елордада өтіпжатқан Тамыз конференциясында.

Оныңайтуынша, балаларға жасалған кез келген зорлық-зомбылыққа қатысты жазаныкүшейтіп қана қоймай, мұндай істерге келгенде тараптарға татуласу мүмкіндігінбермеу керек.

«Өйткені,мұндай істерге келгенде отбасыларға қоқан-лоқы көрсету немесе ақша беріп құтылужағдайларымен бетпе-бет келіп отырмыз. Ақыры, зардап шексе де жәбірленуші тарапарызын қайтарып алады. Осылайша, балалардың құқығы қорғалмайды. Әлбетте,балаларға жасалған зорлы-зомбылық қылмысына кедергі келтіргендергежауапкершілік жүктелуі керек. Әйтпесе, бұл процесті тоқтата алмаймыз. Егернақты түйінді мәселелерді шешімін таба алар болсақ, онда нақты нәтижеге қолжеткізе алар едік», - деді ол.

Еске салакетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

ҚазақстанПрезидентінің қатысумен өтіп жатқан шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнанастам мұғалім келген. Педагогтар конференция барысында білімді жаңғырту бойыншаәдістемелік ұсыныстар әзірлеп, білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту аясындаоны дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын болады. Сонымен қатар мұғалімдербілім сапасын арттыру және тәлім-тәрбие басымдықтары негізінде білім беружүйесін жаңғыртудың проблемалы мәселелері мен келешегін талқылайды.

Жиын аясындаотандық білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшінбірқатар педагог «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат»медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, «Ы.Алтынсарин» және «Білім беруісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталады.