Аружан Саин Түркістан облысында тәрбиешінің жеткіншектерді соққыға жығуына қатысты түсініктеме берді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы жазғы лагерьде тәрбиешінің жеткіншектерді соққыға жығу фактісіне қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15тамыз күні жоғарыдааталған балалар суға түсіп шыққаннан кейін 2001 жылы дүниеге келген тәрбиешісуға түсіп жатқан душты сығалап қараған. Байқап қалған тәрбиеші ашуланып,оларды ұрып, тепкен. Бұл оқиғаны балалардың бірі видеоға түсіріп, WhatsApp қосымшасы арқылы топқа жіберген», - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл АружанСаин Facebook-тегі парақшасында.

Оның сөзінеқарағанда, топтың белгісіз қатысушысы видеоны ата-аналарға жіберген.

«Кәмелеткетолмағандар фактіні жоққа шығарып отыр. Демалушылардың ата-аналары шақырылды.Сырттай қарағанда кәмелетке толмағандарда көзге түсетін зақым жоқ.Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті Төле би аудандық полиция бөлімінің ақпараттарды тіркеукітабында тіркелген, тексеру жүріп жатыр», - деді ол.

А.Саинақпаратты Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың бергендігінатап өтеді.

Бұған дейін«Сұңқар» демалыс орнында балаларды соққыға шыққан тәрбиешінің үстінен қылмыстықіс қозғалғанын хабарлаған едік.