Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Арнаулы антиретровирусты (АРВ) терапия енгізілгеннен кейін Адамның иммундық тапшылығы вирусының дертіне шалдыққан бірде-бір баланың клиникалық және зертханалық көрсеткіштері нашарламаған. Денсаулық сақтау министрлігі атқарған шаралар барлық мұқтаж балаларды түпнұсқалық дәрілермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті көлемде.
АРВ-терапияға мұқтаж барлық балалар 2011 жылы түпнұсқалық дәрілермен толық көлемде қамтамасыз етіледі.