Табылған асыл заттар шамамен 18 миллион еуроға (25 миллион доллар) бағаланып отыр, деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Құқық қорғау органы өкілінің айтуынша, асыл заттар Париждің іргесіндегі Сен-Сен Дениде бір үйдің іргесіндегі сарқынды су ағатын арықтың ішіне жасырылған болып шықты. Ол үй -атышулы ұрлыққа қатысы бар деп айыпталған тоғыз адамның бірінікі.
2008 жылдың желтоқсан айында белгісіз бір топ адам қару-жарақпен қорқытып, Елисей алқабындағы Harry Winston бутигінен 85 миллион еуроның (118 миллион доллар) зерлерлік бұйымдарын ұрлап кеткен еді. Бұл қылмыс Франция тарихындағы ең ірі ұрлық саналады.