ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Арыс қаласынан 150 бала Жаңақорған ауданындағы облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығында тегін демалатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Арыстық балаларды облыстық білімбасқармасының басшысы Майра Мелдебекова, аудан әкімі Ғалым Әміреев қарсы алып,жүрекжарды тілегін жеткізді.
Балалар жаңа оқужылы басталғанға дейін психологиялық тренинг, экскурсия, түрлі үйірмелергеқатысады. Жазғы демалысты көңілді өткізу үшін келген балалар да өзқуанышын жеткізді. Енді жас өрендер 20 күн бойы лагерьде демалады.
Айта кетейік,Арыс қаласындағы жағдайға қатысты Сыр өңірі түрлі деңгейде көмектерұйымдастырып, бастамашыл топтарға бірікті. Қызылорда жұртшылығы онда жарылыскезінде зиян келген тұрғын үйлерді жөндеуден өткізуге назар аударып отыр.
Арыс қаласында Қызылорда облысына тиесілі №6 аумақтағы 14 көшеде 254 жеке тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан. Жөндеу жұмыстарына облыстан 20 құрылыс компаниясыжұмылдырылған. Мұнда барлығы 186 адам еңбек етіп жатыр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.