Осыған дейін бір топ бала жарты ай бойы Қарқаралыұлттық табиғи паркіндегі демалыс базасында демалған болатын. Ал екінші топтыАқтоғай ауданында қарсы алып, Бектауата шатқалындағы Сарыарқаның«марсиандық» пейзаждары бар киелі жеріне алып келді.
Осыған дейін хабарланғандай, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіҚарқаралы қаласында 30 балаға демалыс ұйымдастырған болатын.Жас қонақтарды «Политехник» демалыс базасында орналастырып, оларға экскурсиялармен туристік жорықтар, спорттық жарыстар мен зияткерлік ойындар бар мазмұндыбағдарлама ұйымдастырды.
Сарыарқаның інжу-маржандарымен танысқан балаларды үйлеріне шығарып салды. Ендіолардың орнына басқа топ келді.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың бастамасымен Арыстан 200 балаАқтоғай ауданының Бектауата шатқалында орналасқан қала сыртындағы «Факел»сауықтыру лагеріне қабылданды. Сарышаған стансасының теміржол вокзалында олардышашумен қарсы алды.
Кішкентай қонақтарды Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова, Приозерскқаласының әкімі Қайрат Қамзин, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты АйманТүкбаева, педагогтар мен ата-аналар қауымы қарсы алды. Автобустардың, Газельдердің,спринтерлердің және жеңіл автокөліктердің автоколоннасы Жол полициясықызметкерлерінің ілесіп жүруімен Бектауата шатқалына бет алды.
«Факел» командасы балаларға көптеген жарқын әсер сыйлау үшін барлығын жасауғауәде берді. Бір ай бойы олар экологиялық таза тау аймағында демалады. Арысоқушыларын қызықты бағдарлама күтіп тұр: таза ауада спорттық-бұқаралық ойындар,робототехника мен қолмен модельдеу шығармашылық зертханаларында танымдықсабақтар, туристік жорықтар, мерекелер, дискотекалар және т.б. Лагерьде оларалты рет тамақтанады және қымыз ішіп ем алады.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Арыстың балаларына үйлерінеҚарағанды облысының әкімдігі атынан табыс етілген сыйлықтармен оралады.