Арыс балалары жаз бойы еліміздегі лагерьлерде демалады
Әбдіхан Мұсаевтың сөзінше, Павлодар облысына - 300, Ақмола облысына - 145, Жамбыл облысы - 223, Алматы - 150, Батыс Қазақстан облысына - 47, Шығыс Қазақстан облысына - 150, Нұр-Сұлтан қаласына - 200, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына - 150 бала барып демалуда. Ал, Алматы қаласына 30 әскери қызметкердің балалары барып, тынығуда.
«Арыстық балаларды демалуға еліміздегі 13 облыс пен қала, екі ЖОО, республикалық екі сауықтыру орталықтарымен қатар, Қырғызстан мемлекеті де өздеріне шақырып отыр. Түркістан облысының аудандары 462 баланы жазғы сауықтырумен қамтуда. Қалған 1214 бала 18 шілде мен 1 тамыз аралығында демалыс орындарына жіберіледі»,- деді қалалық білім бөлімінің басшысы.
Айта кетейік, бүгінде Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша балалардың демалу мерзімі бір айға созылмақ. Шілде айының 10-18 күндері тағы да 1572 баланы жазғы лагерьге жіберу көзделіп отыр.