«Арыс» баспасы облыс кітапханаларына 4,5 млн. теңгенің кітаптарын тарту етті
12:39, 21 Қаңтар 2009
ОРАЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Алматыдағы республикалық «Арыс» баспасы (директоры Ғарифолла Әнес) Батыс Қазақстан облысы кітапханаларына 4,5 млн. теңгенің кітаптарын тарту етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Роза Исатаеваның айтуынша, мұның басым көпшілігі ? көркем әдебиеттер. Энциклопедиялық, анықтамалық сипаттағы жинақтар да бар. Бұл кітаптар облыс кітапханаларына таратылып берілмек.