Арыс қаласына кіре берісте жаңа қақпа салынады

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласына кіре беріс жолда жаңа қақпа салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіподақтарфедерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым жаңадан салынып жатқан Арыс қаласының кіре берісіндегі қақпаныңіргетасына капсула қойды.

Қазір қаланықалпына келтіру жұмыстарына еліміздің барлық аймақтары қатысуда. Кәсіподақтар бұлигі шарадан тыс қалмай, архитектуралық құрылыстардың бой көтеруіне өзіндік үлесқосады.

Кәсіподақтар қалатұрғындары үшін қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне дастархан жайды.

Бақытжан Әбдірайым арыстықтардыҚұрбан айт мейрамымен құттықтап, бұл қасиетті мереке жақсылық пенқайырымдылықтың нышаны екенін атап өтті. Ол кәсіподақтарорын алған апатты жағдайға бей-жай қарай алмайтынын, арыстықтармен біргеекендіктерін жеткізді.

Осы күні кәсіподақтарфедерациясының басшылығы жарылыс кезінде қайтыс болған жас бүлдіршін Аян Ерболұлыныңотбасына барып, көңіл айтты.

Кәсіподақ өкілдеріАянның отбасына материалдық көмек көрсетті, сондай-ақ, кәсіподақтар шипажайынасертификат табыстады.

Федерация өзтарапынан қала тұрғындарына шипажайлық-курорттық сауықтыру үшін кәсіподақсертификаттарын табыстады.

«Біз Арыстұрғындарына көмектесуді өзіміздің азаматтық борышымыз деп есептейміз, барлықжерлестерді осы оқиғадан тыс қалмай, азаматтарымызға мүмкіндігінше көмеккөрсетуге шақырамыз», – деді Бақытжан Әбдірайым.

Соңғы жаңалықтар