Жиында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек тұрғындарды «көгілдір отынмен» қамту мәселесі үнемі басты назарда тұрғанын атап өтті.
«Елбасының «5 әлеуметтік бастама» атты үндеуіндегі 5-бастамаға сәйкес, қалаға газ құбырын тарту - аса маңызды әрі көптен күткен тарихи оқиға. Облысымыздағы қалалар мен аудандарды газбен толық қамтамасыз ету үшін «Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ» магистральды газ құбыры тартылды. Осы құбырдан Арыс қаласына да газ жеткізіледі», - деді қала әкімі.
Арыс қаласын «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету 3 кезеңнен тұрады. Яғни, 2018 - 2025 жылдар аралығында тиісті жұмыстар жүргізіліп, арыстықтар табиғи газбен толық қамтылады деген жоспар бар.