Арыс қаласынан тағы 145 бала Ақмола облысының демалыс лагерьлеріне келді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Арыс қаласынан тағы 145 бала Ақмола облысының демалыс лагерьлеріне келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Көкшетаутеміржол вокзалы перронынан оларды Ақмола облысытық білім басқармасыныңқызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қарсы алды. Төтеншежағдай орын алған Арыстан жеткен бұл жолғы 145 бала мен 17 жетекшісі бірнешетопқа бөлініп, Шалқардағы Ақмола облысының білім басқармасына тиесілі «Чайка»және Зеренді ауданындағы «Аврора-Гарден» демалыс лагерьлеріне жіберілді.

«Шілде айыныңбасынан бері Ақмола облысында арыстық 245 бала демалды. Бүгін балалардың үшіншітобы келіп отыр. Олар жиырма күн бойы, өңіріміздің әсем табиғатын тамашалап,саф ауасымен тыныстайтын болады», - дейді Ақмола облыстық білім басқармасыбасшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова.

Аслан Оспанов.