Арыстағы үйлерді қалпына келтіруге 17өңір мен республикалық маңызы бар 3 қаладан 207 құрылыс компаниясыжұмылдырылған. Бұл - шамамен 6868 жұмысшы және 265 арнайы техника.
Айта кетейік, әскери полигонда болған оқиғаданкейін Арыс қаласындағы барлық үйлердің 85% бүлінгені анықталды. ҚР ИИДМбірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын 100-ден 250-ге дейін үй қалпына келтіружұмыстарымен қамтылады.
Елбасының және Мемлекетбасшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 1 тамызға дейін тапсырылуы тиіс.