Арыс қаласында 1 875 үй қалпына келтірілді

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Арыс қаласындағы 1 875 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметініңмәліметінше, 17 секторға бөлінген қалада қазір 7 324 жұмысшы істейді. Олар 4 804жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйді жөндейді.

Құрылысшылар аптапыстыққа қарамастан еңбек етуде. Күндіз Арыста термометр бағанасы 45 градустантөмен түспей тұр.

«Жұмыс күні таңғыалтыдан басталады және сағат 13.00-ге дейін жалғасады. Содан кейін сағат13.00-ден 16.00-ге дейін үзіліс жариялаймыз. Құрылысшыларға демалыс береміз,өйткені аптап ыстық күннің астында жүру мүмкін емес. Сағат төртжарымдар шамасынан бастап кешке дейін жөндеу жұмыстарын жалғасады.Басқалай болуы мүмкін емес», - деді вице-министр Қайырбек Өскенбаев.

Естеріңізге салакетейік, ҚР ИИДМ вице-министрі Арыс қаласында төтенше жағдайдың алғашқыкүндерінен бері жұмыс істеуде. Министрлік мамандары құрылыс барысынқадағалайды. Қаланы қалпына келтіруге елдің барлық өңірлері мен республикалықмаңызы бар қалалар қатысуда.