Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта салынады

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат – Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктіңмәліметінше, 22 шілдеде құрылысшылар 1963 жеке және көп қабатты тұрғын үйнысандарын тапсырды.

Шілде айының басынан бері Арыс қаласында шыжғырып тұрған күн астында 7 367құрылысшы еңбек етуде, олардың қатары күн сайын бірнеше ондаған адамдарментолығуда. Сонымен бірге, өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар 5 мыңғажуық жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлерді қалпына келтіруде. Құрылысбригадалары 115 үйді бұзып, қайта салып жатыр. Оның ішінде бір көппәтерлі бір тұрғын үй бар.
Алайда, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің хабарлауынша, мамандар бірқатарсебептермен 51 үйге кіре алмай отырғандықтан, тексеру жүргізу, жөндеужұмыстарын бастауға мүмкін болмай тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы әскери полигонда болған жарылыстанбарлық тұрғын үй қорының 85%-і зардап шеккен болатын. Нысандарды қалпынакелтіруге бақылау және мониторинг күн сайын жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар