Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта тұрғызылуда

Фото: None

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - 23 шілдегеқарай құрылысшылар 1963 жеке тұрғын үй құрылысы және көп пәтерлі тұрғын үйобъектілерін тапсырды. Күн батқанға дейін Арыс қаласында қалпына келтірілгенүйлердің саны 2 мыңға жетеді. Бұл туралы ҚР Үкіметнің баспасөз қызметіхабарлады.

Ай басынанбері Арыс қаласында шыжғырып тұрған күн астында 7367 құрылысшы еңбекетуде, олардың қатары күн сайын бірнеше ондаған адамдармен толығуда. Сонымен бірге, өңірлер мен республикалықмаңызы бар қалалар 5 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлерді қалпынакелтіруде. Құрылыс бригадалары 155 үйді бұзып, қайта тұрғызып жатыр.

Алайда, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметтері бойынша,мамандар әлі күнге дейін 51 үйге қол жеткізе алмай отырғандықтан, тексеружүргізу, жөндеу жұмыстарын бастау мүмкін болмай тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы әскери полигондаболған жарылыстан барлық тұрғын үй қорының 85%-ы зардап шеккен болатын.Нысандарды қалпына келтіруге бақылау және мониторинг күн сайын жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар