Арыс қаласында 2 мыңнан астам үй жөнделіп бітті

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 17 секторда қолға алынған құрылыс жұмысының көбі кетіп, азы қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, Жамбыл облысы 3 сектордағы 312 үйдіберілген мерзімде 100 пайыз жөндеп бітеміз деп отыр. Қазіргі таңда онда 438 адамжұмылдырылған. Бұл туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Жамбылоблысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді. Жалпы әрбірсектордағы жұмыстарды жүргізу үшін облыс, қалалардан 7576, облыс аудандарынан315 жұмысшы тартылған.

«Арысқаласында жаңадан 107 жеке тұрғын үй мен 1 көпқабатты үйді қайта соғу жұмыстарыжүргізілуде. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 7252 жеке тұрғын үй мен 98көпқабатты үйге ақау актілері жасалған. Ал 4669 жеке үй мен 88 көпқабатты үйдежөндеу жұмыстары басталған болатын. Қаланы құрылыс қалдықтарынан тазартумақсатында 117 техника жұмылдырылған, шығарылған қоқыс көлемі 30551 тоннанықұрайды», – деді Арыс қаласаның әкімі МұратҚадырбек.

Айта кету керек, Арысқаласында 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру «Самұрық-Қазына» әл-ауқатқорына тапсырылған. Оның 54-і - білім нысандары, 8-і - денсаулық сақтау, 4-уі - спортнысандары. Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша 66 нысанда құрылыс жұмыстарықарқынды жүргізілуде. Тиісті құрылыс жұмыстарына 1097 құрылысшы маман тартылған.

Бүгінгі таңда Арыста 2161 баспананың жөндеу жұмыстары біткен.