Жалпы, 17 сектордағы әр облыс өздеріне берілген мерзімде қолға алынғаншаруаны аяқтауға жақындап қалған.
Бұдан бөлек, төтеншежағдайдан зардап шеккен Арыс тұрғындарына 100 мың теңге өтемақы төлеу үшін 63464 адамнан өтініш қабылданған. Қалада әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандаржұмыс істеуде. Жалпы шаһарда 66 әлеуметтік нысан бойынша жөндеу жұмыстарыжалғасып келеді, оның ішінде 4-еуі басынан салынады. Осы бағыттағы жұмыстарға1788 жұмысшы, 30-ға жуық құрылыс компания жұмылдырылған. Бүгінгі таңда Арысқаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарында облыс, қалалардан 7699, облысаудандарынан 315 адам жұмыс істеуде.
Айта кету керек,Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық штаб әрбір секторға жауаптыоблыс пен аудан әкімдіктерімен бірлесіп, тұрғындардың арыз-шағымы бойыншажүйелі жұмыс атқарылуы тиіс екенін айтқан болатын. Берілген тапсырмаға орай Арысқаласында құрылыс жұмыстары толық бақылауға алынған.